|
08.08.2022 | 09:05
8068

8 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қатты жаңбыр мен найзағай, дауыл күтіледі

8 тамызға арналған ауа райы болжамы Фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет синоптиктері 8 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің оңтүстік жартысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. Күндіз солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ найзағай, екпінді жел, бұршақ пен дауыл күтіледі. Қазақстанның қалған бөліктерінде дүйсенбі жауын-шашынсыз өтеді. Республиканың оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл болжанады. 

Атап айтқанда, таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз Ақмола облысының шығысында, Жамбыл, Түркістан облыстарының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Күндіз Батыс Қазақстан облысында қатты ыстық күтіледі, Атырау облысында қатты ыстық сақталады. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир