18 сәуірде Қазақстанның оңтүстік, орталық және солтүстік өңірлеріне оңтүстік циклон жырасы әсер етеді, осыған байланысты жаңбыр күтіледі. Елдің оңтүстігінде, онымен қоса найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Барлық өңірде жел күшейіп, батыста, солтүстік-батыста тұман байқалады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Таңертең және күндіз солтүстікте, батыста шаңды дауыл тұрып, солтүстікте, батыста, таулы, тау бөктерлі аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с артады. Таңертең және күндіз өңірдің оңтүстігінде, шығысында найзағай болжанады. Күндіз Жамбыл облысының тауларында найзағай, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел 15-20 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында желдің күші 15-23 жетеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Атырау, Қостанай облыстарының батысында, түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман болады.