Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың ықпалымен қар жауады
Қазгидромет синоптиктері 18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың ықпалымен қар жауады.
Еліміздің солтүстік-батысында толассыз қалың қар жауып, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жауын-шашын болады.
Республиканың тек солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс өңірлеріне жауын-шашын жоқ, күн ашық.
Қазақстан бойынша бұрқасын соғып, көктайғақ болады, екпінді жел тұрады.
Елдің батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында тұман түседі.