ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Қазгидромет 12 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр, күндіз орталығында қатты жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, желдің күшеюі күтіледі, күндіз еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Тек ҚР батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі. Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.