Жол ауа райының нашарлауына және көктайғаққа байланысты жабылған
Елордадан тысқары барлық бағыт бойынша көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары ұлттық операторының мәліметінше, Астананың тас жолдары ауа райының нашарлауына және көктайғаққа байланысты жабылған.
"Ауа райының нашарлауына байланысты алыс жолдарға шықпауға шақырамыз. Жол көктайғақ болып тұр", - деп ескертті ІІМ баспасөз қызметі.
Еске салакетейік, кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 3 өңірінде, яғни Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облысында жолдардың 19 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.
Дереккөз: Sputnik.kz
оқи отырыңыз: Атырау облысында шприц шығаратын зауыт жабылып қалуы мүмкін