Кей өңірлерде жел күшейіп, бұршақ жауады – 2 шілдеге арналған ауа райы болжамы

zakon.kz
zakon.kz
Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде жел күшейеді, солтүстік-батыс аймақта тұман түседі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктердің болжауынша бүгін Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальдық бөліктер республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райын сақтайды – кей жерлерде найзағай ойнайды.

«Республиканың солтүстік және орталық өңірлерінің кей ауданында қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз болады», – делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде жел күшейеді, солтүстік-батыс аймақта тұман түседі.

Ауа райы мегаполистерде

Күндіз елордада оқтын-оқтын жауған қатты жаңбырдың соңы бұршаққа ұласып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Алматыда ыстық ауа райы күтіледі: күндіз +32 °C, түнде ауа температурасы + 17 – + 19 °C болады. Желдің жылдамдығы: 2-7, желдің екпіні 10 м/с.

Шымкентте + 31 °C, түнде + 22 °C болады деп болжайды. Желдің жылдамдығы 8-13, күндіз 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Аймақтардағы ауа райы

Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ аралас жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін. Күндіз Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысында жел осы шамада күшейіп, Қостанай облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі, Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жауады.

Қарағанды облысында бұршақ жауып, желдің екпіні 15-20 кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз оңтүстік-батыста 30 м/с дейін жетуі мүмкін деп болжануда.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысында желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.

Түркістан облысында желдің күшеюі 23-28 м/с болады деп күтіледі. Қызылорда облысында да осы шамада жел күшейіп, кей жерлерде бұршақ жауады деп күтілуде.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді деп болжануда.

Түркістан мен Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе және Атырау облысының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі болуы мүмкін деп болжануда.

Новости партнеров