2 тамызға арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден
Жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, екпінді жел соғады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазгидромет синоптиктері 2 тамыз, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етеді. Салдарынан жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, екпінді жел соғады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында тұман түседі.
Тек қиыр батыста антициклон сілемінің ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады. Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Абай, Атырау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
28.11.2026 15:18
Алматыда 30 қараша мен 6 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады
28.11.2026 09:17
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
28.11.2026 12:55
Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз: 28 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
28.11.2026 10:18
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
28.11.2026 14:19