Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

elements.envato.com
elements.envato.com

Бірнеше ауданда үсік жүреді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның бірқатар облысында 3 мамырда ауа райы құбылмалы болады, дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Жетісу облысы

03 мамырда күндіз Жетісу облысының Алкөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса сақталады.

03 мамырда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады күші 17-22 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында 3-8 градус үсік күтіледі. 

Талдықорған қ.: 03 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15 м/с. Түнде 3-5 градус үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

03 мамырда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысы

03 мамырда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22 м/с. 

Атырау қ: 3 мамыр күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы

03 мамырда түнде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың солтүстік-батысында кей уақыттары 25 м/с күтіледі. 

Ақтау қ.: 03 мамырда түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы

03 мамырда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысы

Күндіз 03 мамырда Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі. 

Қызылорда қ.: күндіз 03 мамырда шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

03 мамырда Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. 

Шымкент қ: 03 мамырда шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с. 

Түркістан қ: 03 мамырда шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

03 мамырда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде 1-6 градус үсік күтіледі. 

Петропавл қ.: 03 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Абай облысы

03 мамырда түнде Абай облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с. 

Семей қ: 03 мамырда солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Ақтөбе облысы

03 мамырда Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ақтөбе қ.: 03 мамырда шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

03 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Өскемен қ.: 03 мамырда солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Жамбыл облысы

03-05 мамырда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында 3 градус үсік күтіледі.

Алматы облысы

2023 жылдың 02 – 04 мамыр аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2500 метр биіктігінен жоғары) жауын-шашын түсуінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 1-7 мамыр аралығындағы ауа райы болжамы

Новости партнеров