Кейбір өңірлерде қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды
Алматы облысы
09 желтоқсанда Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы қ.: 09 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі. Қонаев қ.: 09 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.
Павлодар облысы
09 желтоқсан түнде Павлодар облысының басым бөлігінде 37-42 градусқа дейін қатты аяз сақталады.
Маңғыстау облысы
09 желтоқсанда Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 09 желтоқсанда шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысы
09 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
09 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қатты аяз 35-40 °С күтіледі. Петропавл қ.: 09 желтоқсанда түнде 36-38 градус аяз күтіледі.
Ақмола облысы
09 желтоқсанда түнде Ақмола облысында 40 градус қатты аяз күтіледі.
Жетісу облысы
09 желтоқсанда Жетісу облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Абай облысы
09 желтоқсанның сағат 21.00-ге дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.
Шығыс Қазақстан облысы
09 желтоқсанның сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.
Жамбыл облысы
Жамбыл облысының таулы аудандарында, түнде 09 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі. 07-09 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
Оқи отырыңыз: 42 градус аяз: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы қандай