42 градус аяз: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы қандай
фото Victor Glutsenko
Республика бойынша тұман күтіледі, еліміздің оңтүстік жартысында жел күшейеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Суық солтүстік-батыс антициклонының енуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді, тек Қазақстанның шығысы мен оңтүстік облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Казгидрометке" сілтеме жасап.
Түнгі сағаттарда ауа температурасы батыста 10-20 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38 градус аязға дейін, еліміздің қиыр солтүстігінде 42 градус аязға дейін, республиканың орталығында және шығысында 28-33 градус аязға дейін, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 5-13 градус аязға дейін төмендейді. Республика бойынша тұман түсіп, еліміздің оңтүстік жартысында жел күшейеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
05.11.2026 11:15