Көктайғақ, тұман болып, жел күшейеді
«Қазгидромет» РМК-сы 22 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен ҚР басым бөлігінде күн құбылмалы болады – қар мен жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман болып, жел күшейеді, елдің солтүстігінде жаяу бұрқасын болады.