Алматыдан 710 км қашықтықта жер сілкінді

23.03.2023 14:21

MPV магнитудасы – 4.6

Фото: aa.com.tr

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ның сейсмостанциялары бүгін сағат 07:53-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 710 км жерде, Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында орналасты.

Энергетикалық санаты – 9,8. MPV магнитудасы – 4.6. Тереңдігі – 5 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түспеген.

Айта кетейік, бүгін түнде, сағат 02:07-де Алматыдан 740 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында жер сілкінді. Тербеліс 2-3 балл қуатымен Тараз, Шымкент және Түркістанда сезілді. Сондай-ақ Тәжікстандағы жер сілкінісінің афтершогы Өзбекстанның бірнеше қаласына жетті. Қуаты – 6,5 балл.