|
26.06.2019 | 09:21
5853

Еліміздің 4 облысында күн қатты ысиды: 26 маусымға арналған ауа райы болжамы

Сохраняется чрезвычайная пожарная опасность

Еліміздің 4 облысында күн қатты ысиды: 26 маусымға арналған ауа райы болжамы

Маусымның 26-сы күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағындардың  өтуіне байланысты  ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәлімдеуінше, маусымның 26-сы күні республиканың кей аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал.

Қазақстанның Солтүстік өңірлерінің кей жерлерінде тұман түседі, еліміздің тек оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман түседі.  

Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде дауыл тұрып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, бұршақ жауып, СҚО-ның кей жерлерінде тұман түседі.  

Павлодар облысының күндіз дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал, таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерлерінде де дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде шаңды дауыл тұрып,  Ақтөбе облысында күндіз бұршақ жаууы ықтимал.  

Күндіз Түркістан, Қызылорда, Павлодар, Қарағанда облыстарының кей жерлерінде күн қатты ысиды.      

Қызылорда, Түркістан, Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қостанай, Алматы, Жамбыл облыстарында   өрт қаупі сақталады.          

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир