|
15.09.2024 | 09:48
838

Қай өңірде жаңбыр жауады: 15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы сақталады

Қай өңірде жаңбыр жауады: 15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы elements.envato.com

Синоптиктер 15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Кең антициклон әсерінен республиканың көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстікте, солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, елдің орталығында фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр жауып, найзағай болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстікте, шығыста, орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі», - делінген хабарламада.

Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Шығыс Қазақстан оңтүстігінде, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі жоғары сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, Алматы облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі болады.

Оқи отырыңыз: Қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир