Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

09.11.2022 14:26

Алматы облысының тау және таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі

ашық дереккөзден

Қазгидромет 9 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады, ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр және қар, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман, көктайғақ, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы облысының тау және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Теги: ауа райы