Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК орталығы.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел екпіні 23-28 м/с күшейеді, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
Павлодар облысында жел екпіні 23-28 м/с күшейеді. Бірқатар аймақтарда тұман түсіп, найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жауын жауады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, күндіз найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай облысында жел екпіні 25 м/с күшейеді, тұман түсіп, найзағай ойнайды.
Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде найзағай ойнауы мүмкін.
Күндіз Алматы, Кызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Алматы облысының кей аймақтарында найзағай ойнайды деп күтілуде.
Шығыс Қазақстан облысының бірқатар өңірлерінде түнде тұман түсіп, күндіз жел тұрады.