Жантүршігерлік видео: Жігіт келіншегін 12 метр биіктіктен лақтырып жіберді

29.04.2019 14:23

БАҚ ерлі-зайыптылардың жанжалдасуына не себеп болғанын анықтады

Түркияда ер адам әйелін 12 метр биіктіктен тастап жіберді, деп жазды Haber Arti turk. Оқиғаның видеосы Facebook әлеуметтік желісінде жарияланды.  

Басылымның мәліметінше, жантүршігерлік жағдай Анкара автовокзалында болған.

Ерлі-зайыптылар 8 ай бұрын отасқан екен. Келіншек Стамбұлдағы бауырына барғысы келген, ал күйеуі қарсы болған, осыдан кейін   араларында жанжал шыққан.

Әйел ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, ер адам қамауға алынған.