Синоптиктердің бір аптаға болжамы жарияланды
Күннің күрт салқындауы мен қалың жауған қар алматылықтарды, әсіресе темір тұлпарының доңғалағын ауыстырып үлгермеген автокөлік жүргізушілерін біраз әбігерге салды. Жыл соңына дейін санаулы күндер қалды. Қатты аяз алдағы мерекенің сәнін бұзбайды деп үміттенеміз.
Алайда алдағы аптада мегаполис тұрғындары үшін ауа райы қандай тосынсый дайындағанын синоптиктерден білеміз.
Дүйсенбі, 18 желтоқсанда күн алабұлтты, күндіз - 3, түнде - 5;
Сейсенбі, 19 желтоқсанда алабұлтты, күндіз +1, түнде +1;
Сәрсенбі, 20 желтоқсанда күн ашық, күндіз +1, түнде - 4;
Бейсенбі, 21 желтоқсанда күн құбылмалы - 2, түнде - 4;
Жұма, 22 желтоқсанда ала бұлтты, күндіз - 0, түнде - 2;
Сенбі, 23 желтоқсанда күн ашық, күндіз + 3, түнде +1;
Жексенбі, 24 желтоқсанда бұлтты, күндіз + 3, түнде +1;
world-weather.ru сайтының мәліметі бойынша.
Оқи отырыңыз: Cиноптиктер 14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады