Қырғызстанда болған жер сілкінісін Алматы тұрғындары да сезінді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«27 қаңтарда сағат 6:11-де ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісі Алматы қаласында жер сілкінісін тіркеді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан 191 шақырым жерде, Қырғыз Республикасы аумағында орналасқан», - делінген хабарламада.
Энергетикалық санаты – 11.9 MPV, магнитудасы – 5.2. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша Алматыда 2 -3 балл қуатымен сезілген.
Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен құрбан болған жоқ, ахуал тұрақты. «112» және «101» жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ.
«Қазселденқорғау» ММ мәліметтері бойынша гидротехникалық құрылыстарда, көшкін және сел жүру қаупі бар учаскелерде бүліну, шөгу және жарықшақтар анықталған жоқ», - делінген ТЖМ хабарламасында.