Шілде метеобақылау тарихындағы ең ыстық ай ретінде рекорд орнатуы мүмкін, деп жазды Sputnik.
Алғашқы онкүндікте ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 5 градусқа, ал екінші онкүндікте 5-7 градусқа жоғары болып тұр.
Рекордтар арасында: Самарқан – 39,9 градус, Нүкіс – 42,8 градус, Сырдария – 42,1 градус, Навои 42,6 градус ыстық.
Алдағы апталарда түнде шамамен 29 градусқа дейін, ал күндіз 40-45 градусқа дейін ыстық болады.
Аптап ыстық республикадағы пойыздар қозғалысына әсер етіп жатыр: шілде айының басында Самарқан-Бұхара және Бұхара-Хиуа бағыттарында жылдамдық шектелді.
Айта кетейік, Қазгидромет Түркістан және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Шымкентте дабылды ескерту жариялаған болатын.
Болжамға сәйкес, 17-19 шілдеде Түркістан облысының басым аумағында күн 43 градусқа, кей жерлерде 45 градусқа дейін ысиды. Ал Шымкентте +40-42 градус аптап ыстық болады.
17-19 шілдеде Қызылорда облысында да 40-45 градус ыстық болады деп болжанып отыр.