Бұршақ, жел, жауын: 3 маусымға арналған ауа райы болжамы

Бұршақ, жел, жауын: 3 маусымға арналған ауа райы болжамы
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің басым өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

«Кей жерлерде жаңбыр жауады, Оңтүстікте, Оңтүстік-Шығыста – нөсер жауын, республиканың батысында ғана күн ашық»,  делінген хабарламада.

Сондай-ақ кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді деп болжанып отыр. Тіпті дауыл тұрып, бұршақ жаууы да мүмкін.

Ақмола, Жамбыл және Түркістан облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, дауыл тұрады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар, Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде күн күркірейді, желдің күші секундына – 15-20 метр. Атырау облысында – кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысында бірқатар аймақтарында күн күркіреп, дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейіп, түнде кей жерлерде найзағай ойнайды деп болжануда.

Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде күндіз аптап ыстық болады деп болжануда.

Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда және Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі бар.

Нұр-Сұлтанда 3 маусым күні түнде 12-14 градус, күндіз 24-26 градус жылы болады.

Алматыда түнде 15-17 градус, күндіз 24-26 градус жылы, жауын-шашын болуы мүмкін.

Шымкентте түнде 14-16 градус, күндіз 24-26 градус жылы, күн күркіреп, жауын жаууы мүмкін.  

Новости партнеров