Қазан айының ортасында бөртегүл гүлдеп кетті

elements.envato.com
elements.envato.com
Ақтөбеде сирек құбылыс болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде қазан айының ортасында бөртегүл гүлдеді. Табиғаттың сирек кездесетін бұл құбылысын жергілікті тұрғындардың бірі байқаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бөртегүлді үй иесі 15 жыл бұрын ауласына отырғызған екен. Осы уақыт ішінде өсімдік күзде ешқашан гүлдеген емес. Ал жақында бұталардың бірінде гүл пайда болған.

Әдетте бөртегүл жылына бір рет – мамыр-маусым айларында гүлдейді. Айтпақшы, сирек кездесетін бұл құбылыс бұтаға үймелеген араға да қуаныш сыйлаған.

 - Зер салып қарағанымда, бөртегүл бүршіктері гүлдей бастағанын байқадым. Менің ойымша, бұл күн жылы болады, күз жақында келмейді деген жақсы нышан деп ойлаймын, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Сәуле Тәжина.

Оқи отырыңыз: Биыл қыста ауа райы қандай болады

Новости партнеров