Қызылорда облысы
21 қаңтарда Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысы
21 қаңтарда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстікке ауысып жел соғады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с. Атырау қ.: 21 қаңтарда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы облысы
21 қаңтарда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Алматы қ.: 21 қаңтарда тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
21 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 21 қаңтарда күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады екпіні 18 м/с.
Маңғыстау облысы
21 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 21 қаңтарда түнде кей уақыттарда тұман күтіледі.
Абай облысы
20 қаңтардың сағат 21.00-ден 21 қаңтардың сағат 21.00-ге дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
Түркістан облысы
21 қаңтарда Түркістан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкент қ.: 21 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қ.: 21 қаңтарда шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с
Шығыс Қазақстан облысы
20 қаңтардың сағат 21.00-ден 21 қаңтардың сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
Қостанай облысы
21 қаңтарда Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Жетісу облысы
21 қаңтарда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы
21 қаңтарда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында күші 15 м/с.
Жамбыл облысы
20-22 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 20-21 қаңтарда облыстың шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 20-22 қаңтарда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 21-22 қаңтарда екпіні 23 м/с күтіледі. Тараз қ.: 20-22 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 22-28 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы