Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады
«Қазгидромет» РМҚК 17 қыркүйекте Павлодар облысының орталығында өте жоғары өрт қаупі күтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осы күні түнде Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жел соғады.
Атырау облысының түнде шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде найзағай түсуі мүмкін, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
«17 қыркүйекте Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 2 градус үсік жүреді.
Нұр-Сұлтан қаласында да түнде топырақ бетінде 1 градус үсік болады», - деп жазды ведомство.
Синоптиктер осы күні түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік сақталатынын хабарлаған.
17-19 қыркүйек аралығында түнде Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік болады.
Осы күндері Ұлытау облысының да солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
17 қыркүйекте Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с. Түнде облыстың орталығында және таулы аудандарында 1-6 градус үсік сақталады.
Осы түннің бірінші жартысында Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
«17 қыркүйекте Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, жоғары өрт қауптілігі сақталады.
17-19 қыркүйекте Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, төтенше өрт қаупі күтіледі», - делінген Қазгидромет хабарламасында.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысына тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі.