Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді
Қазгидромет 8 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 8 мамырда елдің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, әсіресе батыста қатты жауын болады.
Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде – дауыл, оңтүстікте, батыста – бұршақ, шаңды дауыл, солтүстікте – көктайғақ, солтүстікте – тұман.
Қызылорда облысының солтүстігінде күн күркірейді, күндіз облыс орталығында шаңды дауыл, түнде облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке күшейеді.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, күндіз оңтүстігі, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады.
Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл, желдің басым бөлігі 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде бұршақ жауып, дауыл соғады. Таулы аудандарда жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында тұман, солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ, түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт, күндіз 16-18 градус жылы, түнде 0-2 градус жылы болады.
Алматыда күн бұлтты, күндіз плюс 26-28 градус, түнде - 13-15 градус жылы.
Шымкентте күндіз плюс 32-34 градус, түнде 12-14 градус.