285 бірлік арнайы техниканың, оның ішінде 97 құм шашқыш және 164 жол жұмысшысынан тұратын түнгі кезекшілік жұмыстары ұйымдастырылды
Алматы қаласында 2021 жылдың 6 қазанында қар тазалау жұмыстары туралы Тұрғын үй саясаты басқармасының мәліметі жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласында 6 қазанда сағат түнгі 2.10-нан бастап қар аралас жаңбыр жауып, арты қарға ұласты. Мұндай ауа райы 7 қазанға дейін жалғасады деп болжанып отыр. Таңертеңгі сағат 06.00-де таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 3 см қар жауды, ал қалада топырақтың жылы болуынан қар еріп жатыр.
Таулы және тау бөктеріндегі жерлерде орналасқан көктайғақтың алдын алу мақсатында материалдар себіледі, сондай-ақ биік тау жолдарындағы (Шымбұлақ) қар тазаланды.
285 бірлік арнайы техниканың, оның ішінде 97 құм шашқыш және 164 жол жұмысшысынан тұратын түнгі кезекшілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарының барысын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.