Үш адам жарақат алды
Сәрсенбі күні таңертең Жапонияның солтүстік-шығысында магнитудасы 5,9 балдық жер сілкінісі болды, салдарынан үш адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жапонияның метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі таңертеңгі сағат 2:46-да болған, жапон сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша 7-ден 5 жоғары балдық көрсеткіш Хашикамиде, Аомори префектурасында тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Тынық мұхитындағы Иватэ префектурасында шамамен 56 шақырым тереңдікте орналасқан. Метеорологиялық агенттік апта ішінде сейсмикалық қарқындылығы 5-тен жоғары қосымша жер сілкіністерінің болуы мүмкін екенін ескертіп, алдағы бірнеше күнде ең үлкен қауіп болатынын атап өтті.