1 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Egor Myznik
Egor Myznik

Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел күшеюі күтіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 1 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райына Скандинавия түбегінің аудандарынан циклон әсер етеді, оған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында бұрқасын және екпінді желмен қар жауады, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел күшеюі күтіледі.

Күндіз шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде 30 м/с және одан да көп қатты жел күтіледі.

Оқи отырыңыз: Алматыда 30 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров