Бұршақ пен найзағай: 14 шілдеге арналған ауа райы болжамы

elements.envato.com
elements.envato.com
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

14 шілдеде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында 17-22 м/с болады. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. 14 шілде күндіз Алматы қаласында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады. 14 шілдеде Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Қостанай облысында батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл болады. Таңертең және күндіз облыстың шығысына тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 25 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

14 шілдеде күндіз Абай облысының оңтүстігінде қатты ыстық 38 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 14 шілдеде күндіз 

Ұлытау облысының шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың бытысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

14 шілдеде Астанада кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе облысының орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Оқи отырыңыз:Алматыда 8-14 шілде аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров