Қазгидромет 13 тамызға арналан ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Солтүстік батыс антициклоны ҚР басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Орталық, шығыс және оңтүстік – шығыс өңірлерде жаңбыр жауады, шығыста қатты жаңбыр, найзағай жарқылдайды, жел соғып, бұршақпен жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында қатты ыстық күтіледі.
Күндіз Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе облысында қатты ыстық болады.
Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.