|
27.08.2019 | 10:07
2736

27 тамызға арналған ауа райы болжамы

Днем в Алматинской области ожидается сильная жара

27 тамызға арналған ауа райы болжамы открытые источники

Еліміздің үш облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі "Қазгидромет" РМК  сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда 27 тамызда түнде және таңғы уақытта найзағай күтіледі. Дауылды ықтималдығы 85-90 пайыз. 27 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Петропавлда күн күркіреп, бұршақ жауады.

Қостанай облысында күн күркіреп, тұман түседі. Бұл аймақтарда дауыл ықтималдығы 90-95 пайыз.

Ақмола облысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Дәл осындай ауа райы Көкшетауда да қалыптасады. Дауыл ықтималдығы 85-90 пайыз. Синоптиктер алдағы күндері ауа температурасы төмендейтінін болжайды.

"Күнтізбелік жаз аяқталады, бірақ жылы ауа райы сақталады, ал кей жерлерде аптап тек қысқа уақытқа ғана Қазақстан аумағынан бәсеңдейді. Солтүстік циклонның ықпалында батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күн күркіреп, күшті жел соғады. Алдағы тәулікте ауа температурасы төмендейді, бірақ 29 тамызда ауа райы ыстық болады деп күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста нөсер жаууы мүмкін, мұнда әлі де ыстық болады, термометр бағаналары күндіз Цельсий бойынша плюс 28-37 градусқа дейін көтеріледі", - делінген хабарламада.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир