Түркия жағалауында тағы да жер сілкінді

17.03.2023 15:08

Ықтимал құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ

Фото: images1.ynet.co.il

Түркия жағалауында 4,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмикалық орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Мерсин провинциясынан оңтүстік-батысқа қарай 46 шақырым жерде орналасқан. Ошақ 10 шақырым тереңдікте жатқан.

Ықтимал құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ. Цунами қаупі болған жоқ.

Айта кетейік, жақында Түркияның Шанлыурфа провинциясында қатты су тасқыны болып, одан 15 адам зардап шеккен.

Биыл 6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында жойқын жер сілкінісі болды. Тоғыз сағаттық аралықпен магнитудасы 7,7 және 7,6 баллдық афтер дүмпулер тіркелді. Сирия да дүмпулерден зардап шекті. Түркиядағы жер сілкінісінен 49 мың адам қаза тапты.