Алматыдан 154 км қашықтықта жер сілкінді
ашық дереккөз
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.2
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақытымен 10 сәуір күні 04 сағат 02 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 154 км қашықтықта Қазақстан аумағында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.2. Магнитудасы 5.1. MPV. Бағыты 44.00° с.е 78.49° ш.б орналасқан. Тереңдігі 20 км. Сезілу деңгейі туралы мәлімет жоқ.
Айта кетейік, кеше Алматыдан 125 км қашықтықта Қырғызстан аумағында жерасты дүмпуі сезілген болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00