|
09.07.2022 | 10:17
4830

Жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді: 9 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Республиканың шығысында дауыл соғады, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта тұман түседі

Жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді: 9 шілдеге арналған ауа райы болжамы 1gai.ru

Қазгидромет 9 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Республиканың шығысында дауыл соғады, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта тұман түседі.

Республиканың батыс және оңтүстік өңірлерінде батыс антициклоны жылжи бастайды – ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Қызылорда облысының батысында, шығысында, Абай облысының шығысында, Түркістан облысының шөлді аймақтарында, Қарағандыоблысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 25-27 жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 31-33 ыстық.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир