Мамырда 40 градусқа дейін ыстық болады

фото Victor Glutsenko
фото Victor Glutsenko
Айдың көп бөлігінде жоғары температура көрсеткіші басым болмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мамырда жазғы атмосфералық процестерге көшу жүзеге асырылады. Көпжылдық мәліметтерге сәйкес оңтүстік аймақтарда үсік айдың бірінші жартысында, ал солтүстік аймақтарда - айдың соңына қарай аяқталады, бірақ кей жылдары ең соңғы үсік айдың соңында, тіпті маусымда болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауа райының тұрақсыз сипаты жаңбыр мен найзағай, екпінді жел ай бойы, ал айдың кей күні бұршақ жаууы мүмкін.

Айдың көп бөлігінде жоғары температура көрсеткіші басым болады: республикамыздың солтүстік жартысында күндіз ауа 25+35°C дейін ысуы мүмкін;

  • оңтүстік жартысында +30+40°C дейін;
  • Суық толқындар әсерінен ауа температурасының төмендейді:
  • солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде -5+5°C дейін, күндіз +10+15°C дейін;
  • еліміздің батысында және оңтүстік жартысында  түнде +5+15°C дейін, күндіз +16+26°C дейін ысиды.

Мамырда республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары, батыс аймақтарда норма шамасында болады.

Мамырда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, елдің қиыр батысында нормадан жоғары, Қазақстанның оңтүстік, орталық өңірлерінде нормадан аз болады деп болжануда.

Ескерту: бір айға арналған ауа райы болжамы консультативтік ретінде пайдаланылуы керек, кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзету енгізіледі және онкүндікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 22-28 сәуір аралығындағы ауа райы болжамы

Новости партнеров