Тұман, жел және көктайғақ: 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

24.01.2024 15:20

Кейбір өңірлерде қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ескерту жасалды

elements.envato.com

Ұлытау облысы

24 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жезқазған қ.: 24 қаңтарда күндіз тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысы

24 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 24 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысы

24 қаңтарда Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 24 қаңтарда күндіз көктайғақ, кей уақытта тұман түседі.

Маңғыстау облысы

24 қаңтарда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысы

24 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, орталығында жаяу бұрқасын болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.

Жетісу облысы

24-26 қаңтарда Жетісу облысы бойынша оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

24 қаңтардың сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Ақмола облысы

24 қаңтарда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Көкшетау қ.: 24 қаңтарда түнде және таңертең тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысы

24 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Петропавл қ.: 24 қаңтарда тұман күтіледі.

Абай облысы

23 қаңтардың 11:00 сағатынан, 24 қаңтарда тәулік бойы Абай облысының оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Жамбыл облысы

23-25 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. 23-25 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 23, 25 қаңтарда екпіні 23 м/с болады. Тараз қ.: 23-25 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 22-28 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы