Бірқатар облыста өрт қаупі сақталады
«Қазгидромет» РМК 2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұлытау облысы
2 қыркүйекте күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі. 02 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы
2 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Орал қ.: 2 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы
2 қыркүйекте күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысы
2 қыркүйек Атырау облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысы
2 қыркүйекте Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 18 м/с күтіледі. 02 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 2 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі.
Қызылорда облысы
2 қыркүйекте Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 2-4 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 2-4 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысы
2 қыркүйекте Павлодар облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысы
2 қыркүйекте күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Семей қ: 2 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі.
Ақмола облысы
2 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Көкшетау қ.: 2 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
2 қыркүйекте күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысы
2 қыркүйекте түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік жартысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қостанай қ: 2 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астана
Астана қ.: 2 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысы
2 қыркүйекте күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 2 қыркүйекте облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысы
2-3 қыркүйекте Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, 2-3 қыркүйекте түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 2-3 кыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, 3 кыркүйекте күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 2-3 кыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы
2 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, түнде облыстың батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 2 қыркүйекте найзағай күтіледі.