|
20.05.2019 | 10:22
3615

Шымкентте үйлердің төбесінен су сорғалап, көшелерді шайып кетті (видео)

Нөсер жауынның салдарынан көшелерді, пәтерлер мен тұрмыстық техника дүкенін су басты

Шымкентте нөсер жауын тұрғындарды әбігерге салды.

Жексенбі күні «Нұрсәт» шағынауданындағы үйлердің бірінің сегізінші және тоғызыншы қабаттарындағы пәтерлерді су басты. Су шатырдан құйылып, люстра арқылы сорғалаған, деп жазды Otyrar.

Су басқан пәтерлердің көбісінің иелері туыстарының үйінде түнеп шығуға бел буыпты.  

«Қайда жатарыңды білмейсің. Бірде-бір құрғақ төсек қалмады. Ертең жиналып, не істейтінімізді ақылдасамыз», — дейді «Нұрсәт» шағынауданының тұрғыны.  

Сондай-ақ нөсерден тұрмыстық техника дүкені де зардап шекті.

Әлеуметтік желіде таралған видеода қызметкерлер қымбат тұрмыстық техникаларды судан қалқалап жатқаны көрінеді.

Тіпті, дәмханадан да төбеден су сорғалаған және көшелерді сел шайып кеткен.

Синоптиктердің болжауынша, Шымкентте дүйсенбі күні тағы да жаңбыр жауады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир