Күн күркіреп, жел күшейеді: Қазақстанның қай өңірінде дауылды ескерту жарияланды

elements.envato.com
elements.envato.com

Кейбір аймақтарда жоғары өрт қаупі сақталады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

8 мамырда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады, дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Солтүстік Қазақстан облысы

08 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Петропавл қаласында 08 мамырда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысы

08 мамырда Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

08 мамырда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

08-09 мамырда таңертең және күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. 

Тараз қаласында күндіз 08 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысы

08 мамырда Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Ақмола облысы

08 мамырда таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысы

08 мамырда күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

08 мамырда Қызылорда облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қызылорда қ.: 08 мамырда төтенше өрт қаупі күтіледі.

Маңғыстау облысы

08 мамырда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 

Ақтау қаласында 08 мамырда найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Қостанай облысы

08 мамырда таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталық бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қостанай қаласында 08 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Дереккөз: Kazhydromet.kz

Новости партнеров