Қазақстанның 4 қаласында ауа ластанады

25.11.2020 15:27

Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 25 қараша күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хаьбарлайды Almaty.tv.

Кәсіпорынның мәліметінше, сенбі күні еліміздің төрт қаласында - Балқаш, Теміртау, Нұр-Сұлтан және Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін. Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.