Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы

12.05.2022 15:38
crosti.ru

12 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде  қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.

Әсіресе, республиканың батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, нөсер жауын жауады, тек Қызылорда облысында күн ашық. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, түнде және таңертең таулы және тау бөктеріндегі аумақтарында бұршақ жауып, дауыл соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында бұршақ жауып, дауыл соғады, күндіз жел күшейеді – 15-20, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 23 м/с жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы аумақтарында бұршақ жауып, дауыл соғады, күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аумақтарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде – бұршақ жауады, күндіз оңтүстік-батыста, оңтүстікте жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының таулы аумақтарында бұрқасын дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы мүмкін, күндіз солтүстігінде, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты. Түнде плюс 7-9, күндіз 20-22 градус жылы.

Алматыда күн күркірейді, түнде плюс 13-15, күндіз 20-22.

Шымкентте жауын-шашын болмайды. Түнде плюс 12-14, күндіз 25-27 градус ыстық болады деп болжанып отыр.