Еліміздің бірнеше өңірінде аяз болып, боран соғады
photo.bymedia.net
Кей жерде тұман түсіп, оңтүстік-шығыста жел күшейеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
7 желтоқсанда Қазақстанның 11 облысында аяз, қар және боран соғады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазгидрометқа сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан бойынша кей жерде қар жауады. Қазақстанның солтүстігінде, батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Кей жерде тұман түсіп, оңтүстік-шығыста жел күшейетіні айтылады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде 22 градусқа дейін қатты аяз болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51