Алматы қаласында 5 наурыз күні сағат 03.50- де жаңбыр аралас қар жауды. Сағат 9.00- дегі жағдай бойынша таулы және тау бөктерлеріндегі аймақтарға 15-35 см, ал қалаға 3-10 см қар жауған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаланың жоғарғы бөлігінде көктайғақтың алдын алу үшін, қар жауып басталғанда көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, қар сыпырылды. Қала орталығында көктайғақтың алдын алу жұмыстары таңғы сағат 7.00-де басталып, оған 1120 тонна материал пайдаланылды.
Тротуарларды, жүргінші жолдарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, тұрақты қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.
Қар тазарту жұмыстарына 545 техника бірлігі, оның ішінде 190 құмлақтырғыш пен 1492 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын бақылайтын кезекшілік тәулік бойы жұмыс істейді.