|
25.11.2019 | 10:47
3092

Алматыны қардан тазарту үшін 508 техника мен 2000-ға жуық қызметкер жұмылдырылды

Шаһардың әр ауданында түнгі мезгілде арнайы топ кезекшілік атқаратын болады

Алматыны қардан тазарту үшін 508 техника мен 2000-ға жуық қызметкер жұмылдырылды пресс-служба акима Алматы

Алматы көшелерін ақ ұлпа қардан тазарту үшін 508 техника мен 2 мыңға жуық қызметкер жұмылдырылған. Бүгінде көшелер мен жүргіншілер жолы қарқынды түрде тазаланып жатыр. Бұған дейін көктайғаққа қарсы құмда себілген. Алайда қардың жаууы әлі тоқтай қойған жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қала ішінде қардың қалыңдығы 20 см-ге жуықтаса, тау бөктерінде ақ ұлпа 20 сантиметрден асып кетті. Айта кету керек шаһардың әр ауданында түнгі мезгілде арнайы топ кезекшілік атқаратын болады.

«Көктайғақтың алдын алу мақсатында түн мезгілінде көктайғаққа қарсы 4605 тонна материал себілді. Осы мақсатта сондай-ақ 417 арнайы техника қолданылды, оның ішінде 172 құмлақтырғыш бар. жалпы 672 жұмысшы қар тазалады», – дейді Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы бөлімінің бас маманы Жомарт ӘБІҚАНОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир