Шаһардың әр ауданында түнгі мезгілде арнайы топ кезекшілік атқаратын болады
Алматы көшелерін ақ ұлпа қардан тазарту үшін 508 техника мен 2 мыңға жуық қызметкер жұмылдырылған. Бүгінде көшелер мен жүргіншілер жолы қарқынды түрде тазаланып жатыр. Бұған дейін көктайғаққа қарсы құмда себілген. Алайда қардың жаууы әлі тоқтай қойған жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қала ішінде қардың қалыңдығы 20 см-ге жуықтаса, тау бөктерінде ақ ұлпа 20 сантиметрден асып кетті. Айта кету керек шаһардың әр ауданында түнгі мезгілде арнайы топ кезекшілік атқаратын болады.
«Көктайғақтың алдын алу мақсатында түн мезгілінде көктайғаққа қарсы 4605 тонна материал себілді. Осы мақсатта сондай-ақ 417 арнайы техника қолданылды, оның ішінде 172 құмлақтырғыш бар. жалпы 672 жұмысшы қар тазалады», – дейді Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы бөлімінің бас маманы Жомарт ӘБІҚАНОВ.