|
19.11.2023 | 10:50
6610

Қар аралас жаңбыр, екпінді жел: 19 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Кейбір аудандарда көктайғақ болады

Қар аралас жаңбыр, екпінді жел: 19 қарашаға арналған ауа райы болжамы Сурет: Indira Orazalinova

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қ.: 19 қарашада солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысы

19 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. 

Жетісу облысы

19 қарашада күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда тұман. Батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысы

19 қарашада түнде Ұлытау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 19 қарашада түнде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы

Қарағанды қ.: 19 қарашада түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Алматы облысы

19 қарашада күндіз Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, таулы аудандарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысы

19 қарашада Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысы

Көкшетау қ.: 19 қарашада көктайғақ, түнде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 19 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 19 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

19 қарашада Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 19 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қ.: 19 қарашада түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

19 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 19 қарашада шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысы

19 қарашада Абай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Семей қ.: 19 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

19 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Өскемен қ.: 19 қарашада оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысы

19 қарашада түнде Қарағанды облысында батыстан жел соғады, күші басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі.

Жамбыл облысы

19 қарашада күндіз, 20 қарашада түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 19-21 қарашада облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 19-21 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 21 қарашада екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 19-21 қарашада тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

19 қарашада түнде Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы 5-10 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Ақмола облысы

19 қарашада түнде облыстың басым бөлігінде қар жауады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады.19 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.19 қарашада ауа температурасы түнде 5-10, облыстың солтүстігінде 13 градус аязға дейін, күндіз 5-10 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Павлодар облысында 

19 қарашада түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-5, облыстың батысында 8 градус аяз.

Ұлытау облысында 

Солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде және күндіз 3 градус аяз.

19 қарашада Қарағанды облысында солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар түрінде), тұман, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-5 градус аяз болады.

Абай облысында 

Абай облысында ауа температурасы түнде және күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылыға дейін, 20 қарашада 5-10, облыстың солтүстік-батысында 13 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Шығыс Қазақстан облысында 

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 19 қарашада ауа температурасы түнде және күндіз 0-5 градус жылыға дейін, 20 қарашада түнде 5-10, облыстың шығысында 13 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Астана қ.: 19 қарашада түнде қар жауады, күндіз аздаған қар жауады, кей уақыттарда тұман, көктайғақ, түнде бұрқасын күтіледі. 18 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с, 19 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі. 19 қарашада ауа температурасы түнде және күндіз 5-7 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қ.: 19 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстан облысын қар басып қалды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир