Жел, көктайғақ, тұман: 26 қарашаға арналған ауа райы болжамы

elements.envato.com
elements.envato.com
Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысы

26 қарашада күндіз Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Ақтау қ.: 26 қарашада күндіз кей уақыттарда тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

26 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 26 қарашада түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысы

26 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Қарағанды қ.: 26 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысы

26 қарашада түнде Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік- шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысы

26 қарашада күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысы

26 қарашада Ақтөбе облысының оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

26 қарашада Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 26 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астана

26 қарашада жолдарда көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысы

26 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман, бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Астана қ: 26 қарашада жолдарда көктайғақ күтіледі. Көкшетау қ: 26 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы

26 қарашада түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20м/с. Қостанай қ.: 26 қарашада түнде және таңертең бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысы

26 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

26 қарашада түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

25-27 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 25-27 қарашада солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, түнде 25 қарашада екпіні 23-28 м/с, күндіз 26-27 қарашада екпіні 25 м/с күтіледі. Тараз қ.: 25-27 қарашада тұман күтіледі.

Оқи отырыңыз: Астана әкімдігі ауа райына байланысты ескерту жасады

Новости партнеров