Республиканың басым бөлігінде суық атмосфералық бөліктердің өтуімен жауын-шашын сақталады
«Қазгидромет» РМК 9 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Республиканың басым бөлігінде суық атмосфералық бөліктердің өтуімен жауын-шашын сақталады. Солтүстікте және шығыста кей жерлерде жаңбыр және қар түрінде қатты жауын-шашын, жел күшейеді, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Қазақстанның оңтүстік аймақтарында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарында тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15 м/с күшейеді.