ТЖД алматылықтардан тауға бармауды сұрайды

09.11.2019 20:16

Өңірде ескерту жарияланды

tengrinews.kz

Төтенше жағдайлар департаменті Алматы тұрғындарын 10-11 қарашада тауға бармауды сұрайды, себебі тау өзендерінде су көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz  облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде ескерту жарияланды.

"10-11 қарашада жауын-шашын жаууына байланысты Алматы облысындағы тау өзендерінде су деңгейі көтеріледі. Тұрғындардан қырағы болуды және тауға бармауларын сұраймыз", - делінген ТЖД хабарламасында.

Еске салсақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 қарашада Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында ескерту жарияланды.