Республиканың бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр жауады: 22 қазанға арналған ауа райы болжамы

elements.envato.com
elements.envato.com
Өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысы

Атырау облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с.


Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың солтүстік-батысында, орталығында екпіні 23 м/с күтіледі.


Батыс Қазақстан облысы

Оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.


Ақмола облысы

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күннің аяғында облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с күтіледі.


Маңғыстау облысы

Өңірдің батысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.


Түркістан облысы

Солтүстік, батыс, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.


Шымкентте күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.


Абай облысы

Өңірдің солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.


Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі.


Қызылорда облысы

Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.


Павлодар облысы

Өңірдің оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.


Қостанай облысы

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23 м/с күтіледі.


Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстанның солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.


Ұлытау облысы

Ұлытау облысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с күтіледі.


Астанада 

Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с күтіледі.


Қарағанды облысы

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с күтіледі.


Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 16-22 қазан аралығындағы ауа райы болжамы

Новости партнеров